Қарағандылық полиция қызметкерлері алаяқтықтың алдын алу тәсілін ойлап тапты

Қарағандылық полиция қызметкерлері алаяқтық қылмыстың алдын алудың ерекше тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар үлкен баннерге ескерту сөз жазып, оны әуе шарына іліп, көкке жіберген. Аэростат бірнеше сағат бойы қала үстімен ұшып, тұрғындардың назарын аударды. Себебі соңғы уақытта аймақта интернет-алаяқтардың арбауына іліккендер саны күрт артқан. Арасында 50 миллион теңгесін өз қолымен алаяқтарға аударып жібергендер де бар. Жыл басынан бері тек Қарағанды мен Саран қалаларында, 2 мың қылмыс тіркелген.

Бауыржан Мұхамеджанов, қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

- Интернет алаяқтығы бойынша көбінесе қазір анау ОЛХ, Kaspi қосымшаларына салу арқылы адамдар алданып қалып жатыр. Содан кейін мынау ұялы телефондар арқылы. Хабарласып, туысқандарыңыз осындай жағдайға душар болды, жол апатына душар болды, сондықтан осындай қаражат керек деп сұрағандықтан, көбінесе үлкен адамдар, едәуір жасқа жеткен адамдар ақшаны аударып жіберіп, беріп қойып, алданып жатыр.