Петропавлда жылыжай кешені салынады

Петропавл қаласында заманауи жылыжай салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны – 7 миллиард теңге. Инвестор қаржының бір бөлігін мемлекеттік бағдарлама бойынша төмен проценттік несиемен алды. Кешенде қысы-жазы 3 мың тонна қияр, қызанақ пен тағамға қосылатын көк түрлері өсіріледі. Олар тамшылатып суарылады. Жылыжай Голландияның соңғы үлгідегі басқару және жылыту жүйесімен жұмыс істейді. Бұл нарықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылады.

Екатерина Асаёнок, жылыжай жетекшісі:

- Кәсіпорында 70-ке жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар мемлекет есебінен бізге инженерлік желілер тартылып жатыр. Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы осындай жалғыз жылыжай болады.