Қызылорда облысында су арнасы тазаланып жатыр

Қызылорда облысында суармалы су тапшылығының алдын алу үшін былтыр 400 шақырымдай су арнасы тазаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл-аймақтарға 156 су айдау құрылғысы жеткізілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты. Елді мекендерді суармалы сумен қамту үшін 76 жоба жүзеге асырылады. Оның қатарында ұзындығы 78 шақырымға тең 7 су арнасын тазалау көзделген. Бұл өңірдегі тіршілік нәрі тапшылығын болдырмау мақсатында жасалады. Сонымен қатар аймақтың 12 елді мекеніне секундына 500 литр су айдауға қауқарлы 21 құрылғы берілген. 

Нұрғали Сәдірбаев, Ақсуат ауылдық округі әкімінің м.а.:

- Былтыр күріш егілген жоқ, жоңышқа болды. 27 гектар ғана күріш болды. Су былтыр тапшылығы болды. Биыл 1 сорғы қосымша сұраттық. Ауылға су Шәрікейлі каналынан келеді. Қиыр, қызанақ, көкөніс дақылдарын егіп алуға.