Солтүстікте Әлеуметтік медициналық сақтандырудан 850 млн теңгеге заң бұзушылық анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен 850 миллион теңгенің заң бұзушылығы анықталды.

Оның ішінде ең көп тарағаны – жеке клиникалар қордан да, науқастан да ақша алып отырған. Тексеріс жүргізген сарапшылардың айтуынша кейбір қызмет түрлері қағаз жүзінде қайталап көрсетілген. «Бір қызығы, мұндай жалған есеп берулерді бірден әшкерелеу өте қиын», - дейді мамандар. Себебі медицина саласындағы ақпараттандыру жүйесі ақсап тұр. 

Лариса Гордеева, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ОФ директоры:

- Көбіне көп жалған актілер толтырылған. Одан бөлек көрсетілген қызмет түрлері асыра көрсетілген. Сонымен қатар бір емдік шара үшін екі төлем жасалған. Оның өзінде қазір біз медициналық көмектің 10 пайызын тексере аламыз. Бұл мәселені шешу үшін цифрландыру жүйесі енгізіліп жатыр.