Алматыда жас дәрігер ғалымдарды қолдауға арналған қор құрылды

Эндаумент қоры  Санжар  Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің түлектерінің бастамасымен ашылды.

Денсаулық сақтау саласының білікті мамандары, атап айтқанда, профессорлар мен академиктер жас таланттарға қаржылай көмек көрсету үшін күш біріктірді. Олардың  айтуынша, қазір дарынды жастардың бастамасы көбіне қағаз жүзінде немесе ғылыми жобалар деңгейінде қалып қояды. Іске аспайды. Ақыл-кеңес берудің жөні бөлек. Енді тәлімгерлер  болашақ дәрігерлер мен жас ғалымдарға ақшалай демеушілік жасауға бекініп отыр.  Айта кетейік, биыл Қазақстанның бас медициналық университетіне 93 жыл. Ғасырға жуық уақытта оқу орны 100 мыңнан астам медицина маманын дайындап  шығарды. Түлектер күніне жиналған  дәрігерлер денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірге  талқылады.

Марат Шоранов, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры:

- Қазақ ұлттық медициналық университетінің эндаумент қорын аштық. Бұл фонд студенттерге әлеуметтік қолдау және жас ғалымдарды қолдау және олардың зерттеулеріне қаражат бөлу мәселелеріне ұйымдастырылған болған. Біз арығарай ғылыми зерттеу разработкаларымызыды арығарай коммерцизиализацияныруға әрі экономикаға үлесімізді қосамыз, деп сенімдіміз.