Орман өрті: Күдіктілер үйқамаққа алынды

Абай облысында болған алапат өртке байланысты «Семей орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікке ілініп, үй қамағына алынды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тексеріс кезінде өртке жауапты қос ведомства, нақтырақ айтсақ Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріндегі лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Құзырлы органдар өрттің барлық ықтимал нұсқаларын қарастырып жатыр. Оның ішінде қасақана өртеу де бар.