Елордада «Ризашылық бұлағы» аллеясы ашылды

Елордада №69 «Еркем-ай» балабақшасында Ұлттық домбыра күніне және Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған «Нағыз қазақ – Домбыра» атты ұлттық-патриоттық кеш өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы қос мерейтойға орай балабақша аумағында «Ризашылық бұлағы» аллеясы мен ашық аспан астындағы сахна ашылды. Мерекелік концерт аясында бүлдіршіндердің «Болашақ» ансамблі мен оркестрі, сондай-ақ «Ата-әжелер академиясының» «Дәуір» ансамблі өз өнерін паш етті.

Марал Ахметова, «Еркем-ай» балабақшасының директоры:

- Біз, міне, осы іс-шарамен балаларға тәрбиелік мәні бар, тек қана тәрбиешілердің емес, ата-анадан, әжелерден көрсін деп ата-аналарды да кірістіріп, өте үлкен іс-шара өткізіп отырмыз. Болашақта біздің балалар осы біздің Қазақстанымыздың патриоты болады деп біз сенімдіміз.