Абай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан әскерилер марапатталды

Бүгінгінің батырлары құрмет төрінде.

Абай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан әскерилер марапатталды. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оларға жанқияр еңбегі мен төтенше жағдайдағы ерлігі үшін алғыс айтты. Қарулы күштер тобы 73 учаскедегі өрт ошағын жойды. 3 мың метр жер жыртып, 20 шақырым жолды тазартты. Салтанатты рәсімде әскерилерге II дәрежелі «Айбын» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін»,  «Ел қорғаны», «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальдары табыс етілді.