Р. Скляр: Балқашта жылу тапшылығы болмайды

Балқаш қаласында жылу тапшылығы болмайды.

Қазір қаладағы жылу-электр орталығында бесінші қазандық тұрғызылуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жұмыс сапары барысында айтылды. Жаңа қазандық ауаны ластаушы заттардың көлемін азайтуы тиіс. Былтыр қалада 2 магистралдық жылу желісін қайта құру басталды. Қазір жоспарланған 10,6 шақырымның 5,2-сі шақырымы ауыстырылды. Жұмыс 2024 жылы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, 124 шақырым су құбыры жаңартылады. Сапар барысында Роман Скляр жол құрылысы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «Қарағанды – Балқаш» автожолындағы жұмыстармен танысты.