Павлодарда полиция қызметіне қатысты пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр

Павлодарда «Полиция қызметінің сервистік моделі» пилоттық жобасы табысты жүзеге асырылып жатыр.

Жоба шеңберінде облыстың полиция бекеттері заманауи құралдармен жабдықталды. Ал учаскелік инспекторлар жұмысты, жаңа әдіс-тәсілдермен жүргізуге көшкен. Бір жыл бұрын іске қосылған жобаның нәтижесі қандай?

Бұл облыс орталығындағы қауіпсіз шағын аудандардың бірі. Бір жылда небары 30-ға жетер-жетпес қылмыс тіркеледі. Мамандардың ендігі мақсаты -  қаланың өзге аудандарын да тұрғындар үшін қауіпсіз аймаққа айналдыру.

Виктор Ногаев, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Осы шағын ауданда 30 жылға жуық уақыт тұрамын. Өзімізді қауіпсіз сезінеміз. Тәртіп сақшыларының жұмысына шағымым жоқ. кезекшілік атқарады. Түнде де жүреді. 

Бұл заманауи учаскелік бекет бірнеше ай бұрын ашылды. Заманға сай жабдықталған полицейлердің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға және құқықбұзушылықтарға қатысты мәселелерді жылдап шешуге сеп болды. Бұрын әр учаскелік инспектор бірнеше көпқабатты үй үшін жауапты болса, қазір бұл жұмыс моделі өзгерген. 

Рымбек Мелесов, патрульдік учаскенің аға инспекторы:

- Қазір ондай шекараларды алып тастады. Ондай шекара жоқ. учасковый, инспектор бүкіл бір ауданға жауапты. Мысалы, бұрын осы үйдің учаскелік инспекторы демалысқа кетіп қалса, кісілер шағымданатын. Учаковый жоқ, таппай жатырмыз. Қазір келді ме азамат, қандай сұрақпен келді? Баянат керек пе, үй мәселесі бойынша жанжал шықты ма? Кезекші учаске инспекторы жіберіледі. 

Қызмет көрсету сапасы  түбегейлі өзгерді. 16 тәртіп сақшысы бір мезетте қызмет көрсете алады. Қылмыс болған жерге дереу жету уақыты да айтарлықтай қысқарды. Себебі, сервистік полция жобасы шеңберінде заң бұзушылық тіркелуі ықтимал қоғамдық орындарда бейнебақылау камералары орнатылған. 

Арман Қаптаев, Павлодар қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

- Мақсаты, ол  қазір істелінген элементтердің ішінде ол әкімшілік сотты оптимизациялау, қысқарту. Бұрынғымен салыстырғанда сотты онлайн түрде өткізе береді. Учаскелік полиция адамдарды сотқа апармай. + Осында лицензияға рұқсат беру, көші-қон полицияның қызметері және учаскелік полиция инспеткорлары халыққа көзделген мәселелер бойынша қызмет етеді. 

Өткен жылдың жарты айында учаскелік пункттеріне халықтан 200-ге жуық шағым-өтініш түссе, биыл ол 36%-ке азайған. Жоба аясында шағымдарды қабылдаудың бірыңғай арнасы іске қосылды. Ал қылмыстық құқықбұзушылық деректері 16%-ға, көшеде жиі болатын жанжалдар саны 11%-ға кеміген.

Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат