Кентаудағы ЖЭО-ның дайындығы тексерілді

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылу электр орталығында да жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында салынған нысанның 90 пайызы тозған. Қазір 4 бірдей қазандық ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Тағы үш қазандықтағы қондырғылар жаңғыртылмақ. Бүгінде жылу энерго орталығын жөндеуге 13,7 млрд теңге қарастырылған. Атқарылған шаруаларды Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев барып көрді.

Айта кетейік, кәсіпорын алдағы жылыту маусымына дайын емес орталықтардың тізіміне енген.