Алматы облысында баспана құрылысы қарқын алды

Алматы облысында баспана құрылысы қарқын алды.

Биыл аймақта 811 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Жыл соңына дейін мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге қоныстанады деген үміт бар. Шалғай ауылдарда да мемлекеттік бағдарлама аясында баспана құрылысы жүріп жатыр.

Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында биыл 30 үйдің құрылысы басталды. Олар  жаңа ықшам ауданда бой көтерді. Үш бөлмелі үйлер алдымен әлеуметтік осал топтағыларға, бюджеттік сала қызметкерлері мен жас мамандарға беріледі. Жалпы соңғы 5  жылда Балқаш ауданында 230 жаңа үй тапсырылды. 

Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:

«Бізде  37 мыңнан астам халық  кезекте тұр. Шалғай аудандарда үй салу жеңілірек. Өйткені жер мәселесі тез шешіледі. Коммуникациялар тез шешіледі». 

Құрылыста 70 адам жұмыс істейді. Қазір құрылыс материалдарының бағасы қымбат. Бірақ бәрі жеткілікті. Желтоқсан айына дейін жобаны аяқтап, баспана кілттерін  әкімдікке тапсырамыз,- дейді жауапты компания өкілдері. 

Жеңіс Жақсылықұлы, құрылыс компаниясының өкілі:

«Құны 26-28 млн. Ол чистый отделкасымен тоқ, су, телефон бәрі ішіне кіріп, ұолданып, тне мебелін әкеліп, кірое береді үйлерге». 

Сонымен бірге аудан орталығында 40 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді. Қажетті инфрақұрылымы тартылған. Бірақ, қашан тапсырылатыны әзірге белгісіз. Жалпы жыл басынан бері Алматы облысында 213 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы  аяқталды. 

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев