Павлодарда жылу маусымына дайындық бірнеше бағытта өтіп жатыр

Павлодар қаласында жылу маусымына дайындық бірнеше бағытта өтіп жатыр.

Басымдық жылу электр станцияларының жабдықтарын жөндеуге берілген. Соған сәйкес 40 агрегат жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге 49 шақырымға тең магистральді жылу құбырлары да кезең-кезеңімен ауыстырылып жатыр. Облыс орталығындағы коммуналдық инфрақұрылымның тозу көрсеткіштерін азайту үшін кешенді жоспар дайындалды. Соның негізінде ескірген 12 шақырым құбыр жаңғыртылады. Коммунал-шылардың күшімен көктемгі гидрав-ликалық сынақ кезінде анықталған 400-ден астам ақау жойылды.

Ержан Салханов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау кестеге сай жүріп жатыр. Жауапты мекемелер анықталды. Жөндеу жұмыстары тұрғындардың қаражаты есебінен атқарылып жатыр. Қазір ішкі коммуналдық жүйелерді қысыммен тексеру жұмыстары қолға алынды.