Сарыөзек-Қарашоқы жолында қозғалыс қалыпқа келтірілді

Жетісу облысында қатты нөсер салдарынан «Сарыөзек-Қарашоқы» тас жолын су шайып кеткен еді. 

Су жаңадан салынып жатқан жолдың екі жерінен бұзып өткен. Кербұлақ аудандық әкімдігі өкілдерінің айтуынша, тез арада айналма жол жасалып, қозғалыс қалпына келтірілді. Көліктер ауыл мен аудан орталығына айналма жолмен қатынап жатыр. Төтенше жағдай қызметіндегілер жолдың астына төселген су өткізу құбырының жаңбырдан жиналған суға шыдас бермегенін алға тартты. «Мердігер компания қазір онда үлкен диаметрлі құбыр төсеу мәселесін қарастырып жатыр», – деді Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.