Петропавлда тағы да қоқыстар үйіліп-төгіліп жатыр

Петропавл қаласының әкімдігі қоқыс шығарумен айналысатын жеке компанияларға бюджет есебінен екі бірдей техника сатып әпереді.

Қазір 60 млн теңге бөлініп қойған. Су жаңа арнайы көліктер кейін, сенімді басқаруға беріледі.

Осы апта Петропавл тағы да лас қалаға айналды. Көпқабатты тұрғын үйлердің жаны аяқ алып жүргісіз. Қалдықтар үсті-үстіне үйіліп жатыр. Шетті айтпағанда, орталықта осылай.  

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қазір осындай көріністі әр ауладан көруге болады. Жәшіктер аузы – мұрнынан төгіліп жатыр. Амалы таулылған тұрғындар қоқысты осылай жиегіне тастап кетеді.

Ал жағымсыз иісі мұрын жарады. «Әсіресе, күннің ыстығында терезе ашудан қалдық», - дейді тұрғындар. Қоқыс маңында маса көбейіп, құрт-құмырысқалар қаптап кеткен.

Валерий Антипин, қала тұрғыны:

- Шілденің бірінен бастап тарифті екі жарым есеге өсірді. Қазір екі адамға 1000 теңге төлеймін. Ал қоқыс шығарылмайды. Қызмет көрсету деңгейі тіпті нашарлап кетті.

Тұрғындар осыған наразы. Сәуір айында қоқыс тарифы адам басына 220 теңгеден 480 теңгеге дейін бірақ көтерілді. Кәсіпкерлер бұған дейін «шығынға баттық, тапқанымыз көлік жөндеуге де жетпейді» деп еді. Бірақ баяғы жартас сол жартас. Енді оларға қоқыс шығаратын жаңа техниканы әкімдік сатып әпермек.

Эльмира Сәдуақасова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

- Қала әкімдігімен осы компанияларға көмек ретінде екі техниканы, екі бірлік техниканы сатып алу туралы шешім қабылданды. Бүгінде конкурс жүріп жатыр. Конкурс аяқталғаннан кейін, екі бірлік техника сатып алынғаннан кейін ол сенімгерлік басқаруыға берілетін болады кәсіпорындарға.

Қалада қоқыс шығаратын 4 ұйым бар. Қазір тұрғындар оларға 23 млн теңге қарыз. Бұл қызметтің осындай күйге түсуіне ол да себеп болды.