Қызылорданың Жалағаш ауданындағы екі ауылда электр желісі жаңартылады

Қызылорда облысында ауылдардың электр желісін жаңарту жұмыстары биыл да жалғасуда.

Олардың қатарында жарты ғасырдан бері жарық бағаналары ауыспаған елді мекендер бар. Солардың бірі Жалағаш ауданындағы Қаракеткен және Ақсу ауылы болатын. Биыл қос елді мекенде жарық мәселесі толық шешімін табады,-дейді мамандар. Қаракеткендегі 317 шақырым электр бағаны мен 11 шақырым жарық желісін және 3 қосалқы стансаны жаңалау жұмыстары мамыр айында басталған. Тұрғындар асыға күткен жобаны мердігерлер барынша қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр. Енді аудан бойынша Мырзабай ахун, Жүргенов, Есет батыр ауылдары мен Жалағаш кентінің электр желісін жаңғырту қажет.

Қамбар Ақмырзаев, Қаракеткен ауылының тұрғыны:

- Бұл енді 50 жылдан астам бағандар ауыстырылмаған. Кейбір ТП-лар қолды болып кеткен. Сонымен біріне бірі жалғанып, көп азар көрдік. Бірақ табиғаттың кейбір жауын шашынды, дауылды болады. Сондай кездерде сөніп қалады. Жиі сөніп қалады. Кейбір нагрузкаларды көтере алмайды.

Арнұр Нұрмағанбетов, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары:

- Қалған 3 елді мекенді біз 2024 жылға бюджеттік өтінім тапсырдық. Жалағаш кентінде электр желілерін жаңғырту маұсатында біз облыстық бюджетке бюджеттік өтінім тапсырдық. Негізгі 3 аумақтың электр желілерін қайта жаңғырту үшін. Бұл мақсатта 361 миллион теңге қаржы қажет етіледі.