Астана медицина университетінің 1000-нан астам түлегі диплом алды

Бүгін мемлекеттік опера және балет театрында тағы бір толқын жас маман болашаққа қанат қақты.

Астана медицина университетінің 1000-нан астам түлегі диплом алды. Олардың арасында «Жалпы медицина», «стоматология», «фармация» және «мейірбике ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған студенттер бар. Жалпы оқу орнының негізі қаланғалы бері, мұнда 28 мыңнан астам түлек түлеп ұшқан. Қазір аталмыш университетте 64 кафедра, 2 ғылыми-зерттеу институты және 17 зертхана іске қосылған.

Талшын Сауытбекқызы, түлек:

- Алда үлкен өмірлік тарау басталғалы жатыр. Армандар, мақсаттар өзіне қарай жетелеп келеді. Бұл дипломның артында үлкен жауапкершілік барын қазірден қатты сеземіз. Елімізге, адамзатқа пайдалы болуға, тұлға болуға барымызды саламыз деген үміттемін.

Камалжан Надыров – Астана медициналық университетінің ректоры:

- Диплом – это не гарантия успеха... Дипломды алып «өз ісімнің маманы болдым деу» – дұрыс емес. Студенттер, мамандықтарының жауапкершілігін сезінуге тиіс. Олар «нағыз дәрігер» атына лайық болу үшін, күн сайынғы қызметінде дәлелдеп тұруы керек. Сондықтан бүгінгі түлектерге сәттілік тілеймін!