Қарағанды облысында көмір тасымалдау жүйесі өзгерді

Қарағанды облысында Шұбаркөл көмірін тасымалдау жүйесі өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұрынғыдай тасымал бекеті жұмыс істемейді. Елді мекендерге жақын станцияларға теміржол арқылы көмір үнемі жеткізіліп тұрады. Бұл тәулігіне 400-ге дейін көлік кептеліп, ұрыс-төбелес шығаратын олқылықты болдырмау үшін жасалып отыр. Делдалдардың отын бағасын шамадан тыс қымбаттатуына да тосқауыл болады. Мамандар тасымалдаушылар былтыр көп көлемде көмірді сыртқа экспорттап, салдарынан ішкі нарықта тапшылық туындаған деп отыр.

Қарағанды облысында жыл сайын көмірге деген қажеттілік шамамен 1 млн 100 мың тоннаға жуықтайды.

Азамат Панбаев, ҚР ИИД министрлігі комитетінің төрағасы:

- Қырғызстанға 20%-ке экспорт артқан. Яғни, делдалдарды байытып отырдық. Енді оған теміржол арқылы барады. Құны сәл төмен болады былтырғыдан. Разрез маңындағы Нұра ауданы, Ұлытау облысы да осы схема бойынша қамтамасыз етіледі.