Үкіметте «Жайлы мектеп» жобасы талқыланды

Үкіметте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да сөз болды.

Бүгінде білім беру мекемелерін заманауи технологиямен жарақтандыру стандарттары белгіленген. Жиһаз, көрнекі құралдар, музыкалық, интерактивті және спорттық жабдықтар қарастырылған. Ұлттық жобаға отандық тауар өндірушілердің қатысу мәселесі де пысықталды. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады. Мектептер сыйымдылығы жағынан 7 санатқа бөлінген. Онда 300-ден бастап 2500-ге дейін орын қарастырылады. Қазіргі уақытта мектептердің эскиздік жобалары мен жоспарлау құжаттамасы «Мемсараптама» республикалық мекемесімен келісіліп, барлық өңірлерге жіберілген.