Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль еншіледі

Қазақстандық оқушылар химиядан өткен халықаралық олимпиадада 4 медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Швейцарияда өткен білім бәйгесіне 88 елден 350-ден астам оқушы қатысты. Қазақстандық құрама сапында Астана, Павлодар, Ақтау қалалары мен Шығыс Қазақстан облысының оқушылары болды. Құрама қоржынында бір алтын, екі күміс және бір қола жүлде бар. Жүлдегерлер енді Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспай-ақ, еліміздің кез келген жоғары оқу орнына оқуға түсе алады. Сондай-ақ, алтын медаль иегеріне 5 млн теңгеден астам, күміс медаль иегері – 3,5 млн теңге жуық, ал қола жүлдегерге 2 млн теңге шамасында сыйақы тапсырылады.