Риддердің жылу жүйесін жөндеуге сегіз млрд теңге бөлінді

Риддер қаласының жылу электр станциясы мен жылу желілерін жөндеуге ел Үкіметі қорынан 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бюджеттік қаражат коммуналдық инфрақұрылымды толық қалпына келтіруге жұмсалады. Қазіргі уақытта 11 мердігер ұйым алты қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 200-ден астам маман жұмылдырылған. Осы күнге дейін жылу орталығына қажет барлық агрегаттар жеткізілді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстарының 10 пайызы ғана істелген. Мерзімнен кешігу бар. Жұмыстар уақытында аяқталмаған жағдайда қосымша жергілікті кен байыту комбинатының қазандығын іске қосу көзделіп отыр.