Еліміздің жылу орталықтары қысқа дайын ба?

Биыл елімізде 49 қазандық пен 54 турбина жөнделеді.

Қазір жылу электр орталықтарындағы 8 қазандық пен 9 турбина жаңғыртылған. Жылыту маусымына дейін тағы 25 қазандық қалыпқа келтіріледі.

Әсіресе Екібастұз жылу орталығына ерекше мән беріліп отыр. Ондағы дайындық қазір 47 процент. Риддер 27,5 процент, ал Семей 73, Рудный жылу электр орталығы 56 пайыз қысқа дайындалған.