Алматы облысында ыстықтан таудың мұздығы еріп жатыр

Алматы облысының таулы аймақтарында сел қайталануы мүмкін.

Өңірде ыстықтан таудағы мұздықтар еріп жатыр. Жауын жауса өзендер тасуы ықтимал. Қазір «Қазселденқорғау» мекемесі төтенше жағдай қызметімен бірлесіп қауіпті аудандарда кезекшілік ұйымдастырып жатыр. 

Алмас Садуақас, тілші:

«Талғар  тасығаннан кейін қауіпсіздік іс шаралары белсенді жүргізіле бастады. Өзен арнасын тазалып, жағалауды нығайтып, бекітуге арнайы техника тартылды. Қазіргі өзенде секундына 19 текше метр су ағып жатыр». 

Мамандар өзеннің лайлану деңгейін жіті қадағалап отыр. Мысалы, дәл қазіргі деңгей 2 бал шамасында. Бірақ, бұл қалыпты норма. Жалпы, Іле Алатауында   230 дан астам тау көлдері бар. Мұздықтар еритін кезең. Көлдегі су тасып, өзенге түскенін «Қазселденқорғау» мекемесінің қызмкеткерлері күндіз-түні бақылап отыр. Талғар аймағы бойынша сондай бес көл бар. Күн сайын мәлімет жазылып, төтенше жағдай қызметіне хабарланады. 

Еркебұлан Тергеусізов, Талғар  аудандық ТЖБ бас маманы:

«Осы гидробекеттер уақытылы хабарлап отырады. Су деңгейінің көтерілуін. Қанша деңгецде ағып жатқандығы. Сонымен қатар мареналық өзендердің қалыпты жағдайы скл талғардағы гидроқондырғының постына хабарлап отырады». 

Соңғы рет Талғар өзеніндегі тасқын 2014 жылы болған еді. Сол кезде судың екпінін су тоспасы ұстап қалды. Ол 2005 жылы салынған Талғар су тоспасы секундына 80 текше метр су қабылдап, өткізе алады. Дей тұрғанымен қазір тегеурінді техника суды үш арнаға бұрып, ағызып жатыр.  

Айдын Бошқаев, "Қазселденқорғау" ММ Алматы облыстық филиалы басшысының орынбасары:

«Бұл жұмыстар су көлемі азайғанша атқарылады. Су көлемі түспегенге осында жұмыс жасаймыз». 

Мамандардың айтуынша қазір  Талғар қаласы мен елді-мекендерге тасқын қаупі төніп тұрған жоқ. Талғар өзенінде судың ағысы қалыпты деңгейде. Дегенмен, құтқару қызметі тауға сапар жасаушыларға өзенге түспеуді, таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отыр.

Алмас Садуқаас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов