Қонаев қаласының бас жоспары қабылданды

Қонаев қаласында 2 жарым млн шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді.

Жұмыссыздық 4,2%-ға дейін төмендетіліп, әсіресе жастарды еңбекпен қамтуға ден қойылады. Бұндай ауқымды міндеттер қаланы дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспарында бекітілген. Оны іске асыру барысында шаһардағы мектеп пен балабақша саны екі есеге артады. Денсаулық сақтау саласын да үлкен серпіліс күтіп тұр. Жалпы айтқанда, Қонаев қаласы өңірдің туризм және демалыс орталығы мәртебесіне сай дамытылады. Онда су спортын, аң, балық аулау кәсібін дамыту үшін әлеует зор. 55 мыңға жуық тұрғыны бар Қапшағай қаласының атауы былтыр Қонаев деп өзгертіліп, Алматы облысының жаңа орталығына айналған болатын.

Динара Алимова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Премьер-министр Ә.Смайылов Алматы облысы Қонаев қаласын дамытудың 2050 ж. дейінгі бас жоспарды бекіту бойынша Үкімет қаулысына қол қлйды. Жалпы осы кезеңде қала өңірдің заманауи қаржы, мәдени, туристік, ғылым, білім беру, логистикалық, және өнеркәсіптік-инновациялық орталығына айналуға тиіс.