Жетісу облысында 7 айда 362 бас мал ұрланған

Жетісу облысында жыл басынан бері 362 бас мал ұрланып, шаруаларға 63 млн теңгеге жуық шығын келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Ақсу ауданында 13 дерек тіркелді. Алакөл, Көксу, Кербұлақ аудандарында да ұрлық жиі болған. Төрт түліктің қолды болуына малшылардың салғырттығы да себеп,- дейді полицейлер. Өйткені үй жануарын өріске қараусыз жібере салатындар көп. Дегенмен қарақшыларға қатысты заң күшейтілгеннен кейін атқарылған жұмыс нәтиже бере бастапты. Биыл өңірде мал ұрлау дерегі былтырғымен салыстырғанда едәуір азайған. Өзгенің малын олжалаған 41 адам қамалып, 4 қылмыстық топ ұсталды.

Мерей Ырысбек, Жалғызағаш ауылының тұрғыны:

- Жеке менен ғана емес, бүкіл ауылдан жоғалып жатыр. Менің ғана емес, басқалардың малы ұрланып жатыр. Милицияға айттым. Басқа ауылдардан да ұрланып жатыр. Бірақ ешкімдікі табылған жоқ.

Нұрлан Сағындықов, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Жетісу облысында 76 бас мал ұрлығы тіркелген. Былтырғы жылға қарағанда 16,5%-ке төмендеп отыр. Қазіргі кезде 36 мал ұрлығы ашылмай отыр. 40 мал ұрлығы санаттағы қылмыс ашылды.