Өрт шыққанда не істеу керек?

Алматыдағы қайғылы жағдайдан соң қарағандылық құтқарушылар көпқабатты үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.

Баспананы өрт шарпыған кезде қалай әрекет ету керектігін айтып, кеңес берді. «Ең бастысы үрейге бой алдырмай, дұрыс шешім қабылдау қажет», - дейді төтеншеліктер.  Мамандардың айтуынша, 28 метрден жоғары үйдің бәрі биік ғимарат боп саналады. Әдетте мұндай баспаналарда өрт сөндіру және дабыл құрылғысы бар. Балконда тұрғындарды эвакуациялауға арналған арнайы саты орналасқан. Алайда тұрғындардың дені оны рұқсатсыз жауып тастаған.

Асхат Маханов, Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары:

- Эвакуациялық жолдарыңыз түтін немесе қатты температура болып жатса қайтадан пәтерге кіріп, есікті жауып, сулы тряпкамен есіктің арасын бітеп, балконға барып 101 номеріне телефон соғып, өртке қарсы қызметкерлерге сіз қай пәтерде, қай жерде, қасыңызда қанша адам барын хабарлап, сол жерде күту керек.