Білім гранты: Тізім 10-тамызға дейін жарияланады

Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды.

Ол талапкерлердің Ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады. Тізім 10-шы тамызға дейін жарияланады. Комиссия өкілдері биыл талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарына «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кіргенін хабарлады. Биыл талапкерлерден 94 мың өтінім қабылданды.