Марат Қарабаев: Құрылысқа отандық материалдарды пайдалану керек

Құрылысқа отандық материалдарды пайдалану керек.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елордадағы бірқатар құрылыс нысанын аралады. Ол алдымен, Астанадағы жаңа жылу энергетикалық кешенінің жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Кейін Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысын көрді. Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін жаңа өткелде трафик ашылады. Ал келесі жылы нысанды жабдықтау жоспары бар. Марат Қарабаев құрылысшыларға отандық материалдарды барынша пайдалану қажеттігін ескертті.