Астанада бұршақ жауып, жауын селдетті

Жол бойы көлкіп, жаяу тұрмақ көлік атаулы су кешіп жүр.

Жұрттың біразы кей ауданда тобықтан аса су жалдады. Әсіресе жаяу жүргіншілер үшін жолдан өту мұң. Жалпы, бұл -  үп етіп жел көтеріліп, жауын жауса елордада үнемі болатын жағдай. Қала тұрғындары су басқан көшелерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Жалпы Қазгидрометтің хабарлауынша бүгін найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 метрге дейін жететінні хабарланған. Өрт қаупі жоғары екені де айтылды. Астанада ертең де найзағай ойнап, жел күшейеді. Сол себепті әредік жауын селдетуі ықтимал.