«Қазақстан аруы» байқауына кастинг жарияланады

Сұлу да парасатты бойжеткендер «Қазақстан аруы» сұлулық байқауында бақ сынай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан аруы» және «Астана аруы» байқауларының жаңа маусымына Алматы мен Астана қалаларында ашық кастингтері өтеді. Оған 18-25 жас аралығындағы сымбаты мен ақылы келіскен кез келген ару қатыса алады.

Ұлттық сұлулық сайысы жыл сайын өткізіледі. «Қазақстан аруы» 3 халықаралық лицензияға ие, бұл жеңімпаздарға халықаралық аренада ел намысын қорғап, «Әлем аруы», «Жер аруы» және «Ғалам аруы» байқауларына қатысуға мүмкіндік береді. Қазір өткен маусымның жеңімпаздары халықаралық сұлулық додасына қызу дайындалып жатыр.