Павлодарда қоқыс контейнерлері жаңартылады

Павлодар қаласындағы ескі қоқыс контейнерлері ауыстырылады.

Қазіргі уақытта облыс орталығының аулаларында еуростандарттарға сәйкес келетін бактарға  арналған алаңдар дайындалып жатыр. Биыл 800 жәшік сатып алынады. Мамандардың айтуынша, соңғы кездері тұрмыстық қалдықтар мәселесіне қатысты шағымдар көбейген. Тұрғындар қоқыстың бейберекет шашылып жатқанына алаңдайды.

Ғизат Смайылов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Жаңа экологиялық кодекс аясында еуроконтейнерлерді орнату жұмыстары басталды. Олар тот баспайтын металдан жасалған. Қақпағы мен дөңгелектері бар. Үсті декоративті металл бөлшегімен жабылады. Осылайша тұрмыстық қалдықтар далаға шашылмай, бір жерге жиналады.