Ақмола облысында жергілікті тұрғындар 9 ауылдың әкімін сайлады

Дауыс беруге құқылы  сайлаушылардың 50 проценті өз таңдауын жасады.

Сайланған тоғыз әкімнің 4-і саяси партияның атынан додаға түссе, 5-і өзін-өзі ұсынды. Жаңа ауыл басшыларының ең үлкені биыл 60-қа толса, ең жасы 30-да. «Жалпы аймақта 28 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Халықтың белсенділігі әр жерде әртүрлі болды»,-дейді жауаптылар. Енді ауылдың жаңа басшылары өз жұмысына кіріседі.

Алмас Қорғанбеков, Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Ал сайланған жаңа әкімдер өз жұмысына аумақтық сайлау комиссиясына тіркелгеннен кейін кіріседі. Тіркеу жұмыстары жеті күн ішінде жүргізіледі.