Елде қыркүйектен бастап 1,5 млн оқушы тегін тамақпен қамтылады

Мұндай көмек бастауыш сыныпқа және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға көрсетіледі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады. Қазіргі таңда республика бойынша тегін тамақ құны орта есеппен 577 теңге. Ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді. Мұнда бұл көрсеткіш 800 теңгеге жетеді. Осыған дейін елдегі бастауыш сынып оқушыларының 56 пайызы тегін тамақпен қамтылған еді. Енді мемлекет басшысының тапсырмасына сай, бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қазір мектептегі тамақ сапасын арттыру мәселесі де пысықталып жатыр.