Талдықорғанның айналасын қоқыс басты

Шымкентте 40 жастағы адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қазығұрт ауданындағы қожалықта мал баққан. Кене шаққаннан кейін температурасы көтеріліп, қан кету және құсу белгілері байқалған. Науқас әбден ауруы асқынғаннан кейін ғана Шымкенттегі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері хабарлады. Науқаспен қарым-қатынаста болған 21 адам оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір барлығының жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді мамандар.

Жалпы биыл шаһарда 608 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.

Азамат Тасболтаев, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер инфекционист мамандарымен Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды.

/////////

Талдықорған айналасын қоқыс басты

Талдықорғанның айналасында 40-тан астам қоқыс үйіндісі жатыр. Бұл – облыстық Экология департаментінің анықтағаны.

Қаратал, Балықты және Қарасу өзендерінің жағалауында тұрмыстық қалдықтан аяқ алып жүретін жер жоқ. Экологтардың айтуынша, табиғат аясында демалған келімді-кетімді жұрт отырған орнын жинамай, қоқысын шашып кетеді.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Талдықорған аймағының тұрғындары аптап ыстықта осы Қаратал өзенінің бойына көкке шығады. Бірақ солардың көбі табиғат аясында тынығып, суға шомылып болған соң тұрмыстық қалдықтарын жинамай кетеді. Соның салдарынан қаланы қақ жарып ағатын ағын судың жағалауы қоқыс алаңына айналып барады.

Қаратал ғана емес, Балықты және Қарасу өзендерінің бойында да қоқыс шашылып жатыр. Көбіне азық-түлік қалдықтары, полиэтилен пакеттер,  пластмас және шыны құтылар тасталған.

Қайрат Қадыров, қала тұрғыны:

- Тұп-тұнық, жап-жақсы су. Қандай шөп, жан-жағы ағаш. Бәрі өсіп жатыр. Мына қоқысқа қарап, ішің ауырады. Өзіміздің жер ғой. Еркін ауылдық округіне қарайды. Қоқыс деген шашылып жатыр.

Нұргелді Байқонысов, қала тұрғыны:

- Мына шашқан бөтелке, қалдықтарға, заттарға жүрегім ауырады.

Экология департаментінің мамандары 3 өзеннің жағалауына «Ғарыш сапары» геопорталы арқылы бақылау жасатқан. Нәтижесінде 40-тан аса қоқыс үйіндісі жатқанын анықтады. Соған сәйкес қалалық әкімдіктің жауапты бөліміне хаттама жіберген.

Алмас Барлыбеков, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Қазіргі күнде сол 41-дің 21-інде жою жұмыстарын жүргіздік. Ол 41-дің 16 нүктесі – жеке сектор. Яғни, бос жер, бірақ ол жердің иесі бар. Ол бағытта өзіміздің полиция басқармасына хат жолдадық. Осы азаматтарға иелеріне шара қолданыңыздар. Қалған 2 учаскесінде жою жұмыстарын жүргізудеміз.

Тазалау әкімдіктің жұмысы болса, қоқыс лақтырып кететіндерді ұстау – полицейлердің міндеті. Сондықтан үнемі рейд жүргізіп тұрады. Тәртіп сақшылары табиғатты ластағандардың кінәсін дәлелдеп, жауапкершілікке тарту қиын дейді. Сол себепті жаңа технология қолдану керек деп есептейді.

Ыбырай Абаев, қалалық ПБ аға учаскелік инспекторы:

- Осы жергілікті әкімдіктен бізге «фотоловушка» салып көмектессе, біз дер кезінде анықтап, айыппұлын салар едік. Былтырғы жылы осындай «фотоловушкамен» 10 шақты адам ұсталып, оның нәтижесі болған. Ол жаққа қоқыс төкпей, аймақ тазаланып қалды.

Жасырын бейнебақылау камераларын облыс аумағындағы аудан ауылдарға да орнату қажет. Әйтпесе табиғатты ластайтындардың ісі тыйылмай тұр.

Жанасыл Сабырұлы, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

- Жыл басында Жетісу облысында 162 қоқыс үйіндісі көрсетілді. Сол бойынша біз облыстық әкімдікке, ТҮКШ басқармасына стихиялық қоқыс үйіндісі бар, сол қоқыс үйіндісі барын айтып жолдадық. Қазіргі таңда Жетісу облысы бойынша лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

Әкімшілік қызметкерлері қоқыс үйінділерін тазалатып, өзен жағалауын біршама қалыпқа келтірді. Бірақ оның нәтижесі ұзаққа бармайды. Себебі тұрмыстық қалдықтарды жинамай кететіндер жетіп артылады. Мәселені түбегейлі шешу үшін күресті күшейтіп, көпшілік арасында экомәдениетті қалыптастыру керек, - дейді саладағылар.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев.