Жыл басынан бері 7 мыңнан астам адам жүргізуіші куәлігінен айырылды

Оған көлік иелерінің жол ережесін өрескел бұзуы себеп болған.

Басым көпшілігі көлікті мас күйінде тізгіндеп, оқиға орнынан қашып кеткендер. Қарама-қарсы беттегі жолға шығып кететіндер де аз емес. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 12 мыңнан астам адамға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылған.