Көкпар федерациясының құрметті президенті таныстырылды

Көкпар федерациясының құрметті президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров сайланды.

Белгілі кәсіпкер ұлттық спортқа тың серпін бергісі келеді. Федерацияның кезектен тыс отырысы бүгін Астанада өтті. Жиынға Көкпар федерациясының президенті Бауыржан Исабаев та қатысты. Жалпы бұл спорт түрінде әлі күнге дейін қордаланған мәселе көп. «Ережесін қайта қарастырып, толықтырулар енгізу керек», - дейді қатысушылар. Келер жылы Қазақстанда V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Бұл өте мәртебелі әрі жауапты міндет. Халықаралық іс-шараны ұйымдастыру Мемлекет басшысының тікелей бақылуында.

 Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Басты себеп біріншіден көкпарымызды заңды деңгейге көтеру. Менің ойымша бұл спорт қазіргі күнде бағаланбаған. Осындай ұлттық спорт, әсіресе көкпар қазақтың рухын жандандыратын спорт. Ендігі жылы көшпенділер ойыны өтеді. Түрлі елдерден қонақтар келеді. Сол қонақтарды дұрыс қарсы алу.