Қарағанды облысында бес шақырымдық жолды жөндеу ұзаққа созылып кетті

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Сарыарқа ауылына баратын 5 шақырымдық жолдың құрылысы қыркүйектің 1-іне дейін аяқталуы тиіс.

Алайда үш ай өтсе де тек 1,5 шақырымына ғана асфальт төселген. Тұрғындар жұмыс аяқсыз қала ма деп алаңдап отыр. Бұған мердігерлер не дейді? 

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Сарыарқа ауылына баратын 5 шақырымдық жолдың құрылысы қыркүйектің 1-іне дейін аяқталуы тиіс. Алайда үш ай өтсе де  тек 1,5 шақырымына ғана асфальт төселген. Тұрғындар жұмыс аяқсыз қала ма деп алаңдап отыр. Бұған мердігерлер не дейді?

Ауылдан автобанға қосылатын мына 5 шақырымдық жолдың жөнделмегеніне жарты ғасырдан асқан. Биыл әйтеуір сең қозғалып, қазынадан 200 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыс басталады. Алайда тұрғындар жұмыс аяқсыз қала ма деп алаңдап отыр.

Борис Ақшолақов, Сарыарқа ауылының тұрғыны:

- Бұлар бір күн істейді, содан кейін 1-2 жұма жоқ. Тағы бір күн істейді, сосын тағы жоқ. Бұл не деген сұмдық. Қопарып тастады. Содан кейін щебенканы тастады да тағы жоғалып кетті. Екі жұма жоқ. Содан кейін цемент сеуіп тағы жоғалып кетті. Ал ол бәрі шаң.

Мердігер жұмыстың біраз уақыт тоқтап қалғанын мойындап отыр. Техникасы сынған, жаңбыр жауған, асфальт болмай қалған. Бірақ соған қарамастан жол құрылысын межелі мерзімде аяқтаймыз, - деп бекініп отыр.

Сергей Акопян, мердігер компания өкілі:

- Ауа райына байланысты тоқтап тұрдық. Апта бойы жаңбыр жауды. Қазір күн ашылып, жұмысқа кіріскелі жатырмыз. Келіскендей тамыздың соңына дейін аяқтаймыз.

Бірақ бұған жұрт күдікпен қарайды. Себебі үш ай ішінде 5 шақырым жолдың бар болғаны 1,5 шақырымына ғана асфальт төсеген. Ал жұмыс тамыз айының соңында тапсырылу керек. 

Саят Шаяхов, Сарыарқа ауылының әкімі:

- Мен айта алмаймын бітіреді деп. Оған уәде де бере алмаймын. Әр-түрлі факторлар болуы мүмкін. Алдында кетіп қалды өздері техника сынды деп. Сол секілді болуы мүмкін. Бірақ олар келісім-шартқа сай жұмыстарын атқаруы тиіс. Бітірмеген жағдайда сотқа береміз. 

Мердігерлер екі ауысыммен жұмыс істеп, күніне 700 метр асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Ал тұрғындар жұмысты бақылауда ұстаймыз, дейді. 

Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар