«Тағдыры күйге арналған Қожеке» кітабы жарық көрді

Белгілі күйші Қожеке Назарұлының туғанына 200 жыл.

Мерейтой Алматы облысының Райымбек ауданында өтті. Нарынқол ауылында ұйымдастырылған ғылыми конференция өнерпаздың өмірі мен шығармашылығына арналды. Іс-шара барысында дәулескер күйшінің ұлт азаттығы жолындағы күрескерлігі жан-жақты талданып, «Тағдыры күйге айналған Қожеке» атты екі кітап қалың оқырманға жол тартты. Бірінші кітапқа Қожеке Назарұлы туралы жазылған зерттеулер мен мақалалар енген. Ал екіншісінде сазгердің нотаға түсірілген күйлері жинақталған. Қожеке Назарұлы 19-шы ғасырда патшаға қарсы шығып, өктемдікке мойынұсынбай ел-жұртын бастап Қытай асады. Бірақ ол жақта абақтыға қамалып, азаптап өлтірген. Сазгердің нотаға түскен 100-ден астам күйі бар.