Жамбыл облысындағы алты ауданда табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды

Жамбыл облысының алты ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Алдын ала есеп бойынша 9500 гектар алқап қуаншылықтан күйіп кеткен. Шығын көлемі шамамен 3,8 миллиард теңге. Жергілікті билік суғару маусымы аяқталғанша шығынның екі есе өсуі мүмкін екенін айтады. Диқандарға  өтемақы Үкімет резервінен төленетін болды. Қазір  барлық ауданда жұмыс тобы құрылып қураған алқаптарды тексеріп жатыр.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

- Тиісті үкім қабылданды. Енді республикалық бюджеттен қаржы келіп, біздің ауыл шаруашылығы басқармасының есеп-шотына түсуі керек. Содан кейін біз құжаттары дайын болған шаруаларға жеке-жеке әрқайсысының есепшотына төлеу жұмыстарын бастаймыз. Естімеген шаруалар болса басқа мынау құжаттарын тапсырып үлгермеген шаруалар болса, біз оның бәрін қабылдаймыз 15 қыркүйекке дейін біз талдау жұмыстарын жалғастырамыз.