Түркістанда депутаттар кәсіпкерлермен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаттары Түркістан базарын аралап, азық-түліктің бағасын көрді.

Саудагерлердің талап-тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Кәсіпкерлер қаржы ұйымдары беретін несие пайызының жоғары екендігін айтады. Осы орайда мемлекеттен қолдау болса деген тілектерін жеткізді. Депутаттар Фараб кітапханасына барып, жастармен де кездесті. Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларымен таныстырды. Сапар соңында олар Түркістан темір жол вокзалында болды. Өткен ғасырдың басында пайдалануға берілген нысан әбден тозған.

Елнұр Бейсенбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жазда демалайын десе, билет жоқ. Пойыздың іші ыстық, адамдардың отыратын мүмкіндігі жоқ. Жағдай жасалмаған. Осы мәселелердің бәрін реттеу керек. Біз түсінуіміз керек, туризм деген тұнып тұрған қаражат. Туып тұрған мүмкіндік, адамдардың барлығы келіп демалатын орта. Сол үшін арнайы келдім, «Айналысайыншы осы, темір жол вокзалын ретке келтірейікші». Пойыздардың уақыты ыңғайсыз болса да адамдар келіп, демалатын мүмкіндік жасау керек вокзалда.