«АМАNАТ» партиясының төрағасы азаматтарды қабылдады

Парламент Мәжілісінің Спикері, «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов азаматтарды қабылдады.

Еліміздің әр өңірінен келген тұрғындар инфрақұрылымды дамытуға, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты және басқа да мәселелермен жүгінді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласының 40 мың тұрғыны атынан хабарласқан бір топ азамат, Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол салу мәселесін көтерді. Ерлан Қошанов партия филиалына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, жол құрылысына қажетті барлық жер телімін беру мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ қажетті қаражатты бөлуді жеделдету керек екенін айтты. Ерлан Қошанов барлық қаралған өтініш бойынша партия филиалдарына нақты тапсырмалар беріп, олардың шешілуін жеке бақылауына алды.