Балқашта су жүйесі жаңартылып жатыр

Ал Балқаш қаласында биыл 30 шақырым су құбыры жаңартылады.

Қазір 6 шақырымы ауыстырылды. Мамандардың айтуынша қаладағы су жүйесінің 80 проценті әбден тозған. Шіріген құбырлар жиі жарылып, халық зардабын тартып келеді. Биыл жаздың басында екі рет ірі апат болып, тұрғындар бірнеше күн сусыз отырды. Қала билігі бұл мәселені түбегейлі шешу үшін 2025 жылға дейін жаңадан 120 шақырым құбыр салуды жоспарлап отыр. Қазір 5 бригада күндіз-түні тынбай еңбектенуде.

Жанәлі Шпекбаев, ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Шіріген ескі құбырларды диаметрі үлкен пластикалық құбырларға ауыстырған кезде қалаға көп мөлшерде су жібере аламыз. Қысымды үнемі бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік болады. Ең бастысы біз жұмыс барысында халықты сусыз қалдырып жатқан жоқпыз. Мердігерге өтініш жасап, қосымша құбыр тартуды сұрадық. Сол арқылы негізгі магистарльды құбырды ауыстырған кезде, қалаға тұрақты түрде ауызсу беріп отырмыз.