АрселорМитталда жүргізілген аудиттің екінші кезеңі аяқталды

Тексеру жүргізген халықаралық ұйым үшінші кезең – сараптаманы әзірлеуге көшті.

Ұйым өкілдері Арселлордағы жұмысын бір апта бұрын аяқтаған еді. Бұл туралы Азия жоғары аудит органдары ұйымының экологиялық аудит жөніндегі отырыста мәлім болды. Экология вице-министрі Мансұр Өшірбаевтың айтуынша, компанияның барлық құжаттамасы мен зертханалық зерттеулердің нәтижесі тиісті талдаудан өткізіледі. Оның есебі қашан дайын болатыны әзір белгісіз. Жалпы Астанада өтіп жатқан 9-шы экологиялық аудит отырысына 16 елдің жоғары аудит органдарының өкілдері қатысып жатыр. Екі күндік жиында экологиялық аудит жүргізу әдіснамасын жетілдіру мәселесі қаралады.