Ел аумағында күн райы күрт бұзылады

Ертеңнен бастап ел аумағында күн райы күрт бұзылады.

Бірқатар өңірде жаздың аптабы қайтып, салқын түседі. Әсіресе республиканың батысы, солтүстік-батысы және арқа мен шығыста термометр көрсеткіші күндіз 17-22, түнде минус жеті градусқа дейін төмендейді. Ызғармен қоса найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. «Табиғаттың мұндай тосын мінезі үш тәулікке жалғасады», - дейді мамандар. Ал оңтүстік өңірлерде бұл аралықта күн райы қалыпты болады.