Қостанайдағы орман өртіне кінәлі экс-директор сот залынан босатылды

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы Басаман орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асхат Жақашевқа қатысты сот үкімі шықты. 

Оған қызмет бабын асыра пайдаланды және соның салдарынан алапат өрт болды деген айып тағылды. 

Прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сот жазаны Қылмыстық Кодекстің жеңіл бабына ауыстырды. Өйткені Асхат Жақашевтың іс-әрекетінен қандай бір пайдакүнемдік жымысқы ниет анықталмаған.

Істі қараған судья Алтын Байжұманованың айтуынша, оның немқұрайлығы осындай оқыс оқиғаға алып келген. Сондықтан 4 жылға бас бостандығын шектеу және 3 жыл лауазымды қызметті атқаруға тыйым салу жазасы кесілген. Айыпталушы бірден қамаудан босатылды.

Сабыржан Иманбаев, қорғаушы:

- Әрине бұл үкім бізді қуантты. Бостандығын шектеу, қамауда отыру емес қой. Енді бәрін тағы ой елегінен өткізу керек.

Қорғаушы тарап бұл үкім бойынша шағым түсіріп, Асхат Жақашевты толық ақтап алуға ниетті