Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шарада 60-қа жуық мекеме жеті жүзден аса бос жұмыс орнын ұсынды.

Әсіресе  құрылыс, қызмет көрсету, медицина, білім салалары мамандарына сұраныс жоғары. Осымен бесінші мәрте өтіп жатқан іс-шара өңірлерде де жұмыссыздық мәселесін жоюға бағытталып отыр. Атап айтсақ, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстанда еңбек етемін деушілерге түрлі ұсыныстар болды. Енді дәл осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі елордада қыркүйек пен қазан айларында өтеді.

Олжас Омар, Астана әкімдігіне қарасты еңбек мобильділігі орталығының директоры:
- Түлектер, жаңа ғана оқу орнын бітірген түлектер бізге келіп, жастар практикасына қатысып, өз мамандығы бойынша тәжірибе жинауға өте жақсы мүмкіндік. Жалақы төлейміз, жалақысы 100 мыңға жуық, әтрүрлі мекеме бар.Он шақты әртүрлі министрлік бар. Мыңға жуық бос жұмыс орны бар түлектерге арналған.