Білікті дәрігерлер Қостанайда 19 күрделі операция жасады

Астана мен Алматының білікті дәрігерлері Қостанайда 19 күрделі операция жасады.

Бұл Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері аясында жүзеге асып отыр. Төрт күндік сапарында орталықтың жетекші мамандары жергілікті әріптестеріне білген-түйгендерін үйретіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Қостанай облысына Астана, Алматыдан медицина саласының 32 білікті маманы келді. Сапар мақсаты - аурулардың алдын-алуда, емдеуде қолданылатын замануй әдістермен бөлісу, ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайту.

Яков Стерлигов «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті:
- Астана қаласында орналасқан орталық ауруханалардың жетекші мамандары шет елдерде өз тәжірибесін алып жатыр. Және қазіргі таңда осы тәжірибесін, біздің бас мақсатымыз өңірлерде жұмыс істейтін медицина саласындағы мамандарға үйретіп, тек қана облыс орталықтарында ғана емес, әрбір ауылға осы білімдерін жеткізу.   

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығының дәрігерлері Қостанай мен Рудный қалаларында 19 күрделі операция жасады.

Юрий Моисеев, Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері:
- Гинекологиялық, нейрохирургиялық, буындарға, теспей, кеспей операция жасау әдістері көрсетілді. Созылмалы асқынған патология кезінде жасалатын операцияның жаңа тәсілін меңгердік. Мәселен адамның бет жүйкесі шыдатпай қақсап ауырса, осы операциядан кейін сап тыйылады.

Биыл Қостанай облысының денсаулық сақтау саласына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі 65 процентке өскен. Соның есебінен емхана, ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру көзделіп отыр.  

Кұмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Осы жылы 377 медицина қызметкерін түрлі орталықта қайта даярлықтан өткізу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырамасына сәйкес, жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы басталады. 2023-2024 жылдары ауылды жерлерде барлығы 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орындары пайда болады.

Сапар қорытындысында облыс әкімдігі мен медициналық орталық арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Авторлары: Мағауия Қалиев. Ермек Мұхамдедияров