Медицина мекемелеріне қойылатын талап күшейтіледі

Еліміздегі медицина мекемелеріне қойылатын талап күшейтіледі.

Енді емханаларда тіркелген азаматтардың саны 10 мыңға жетпесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасаса алмайды. Қордың басқарма төрағасы Сәбит Ахметов Жетісу облысына жасаған сапарында осылай деді. Елдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бөлінетін қаржы көлемі 2,5 триллион теңгеге жеткен. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, еліміздегі медициналық тұрғыдан сақтандырылған азаматтардың саны 16 млн 500 мыңнан асады.

Гүлзия Таипова, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облыстық филиалының директоры:
- Халықтың тарапынан айтылатын проблемалар ол денсаулық сақтау жүйесіндегі көрсетілетін қызметтердің қолжетімсіздігі. Қолжетімсіздік деген не? Ол мамандар тапшылығы. Кейбіржабдықтар жоқ болып қалады кей кезде. Айтып кету керек, біздің облысымызда қазір өкінішке орай сақтандырылмағандардың саны көбейіп бара жатыр.  

Сәбит Ахметов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- Ақшаны қалай үнемдеп жатыр? Орынды ма, орынсыз ба? Ең басты мақсатымыз сол. Себебі біз бүкіл мынау әлеуметтік қорға төлеушілердің атынан жұмыс істеп жатқаннан кейін, біз енді солардың үміттерін ақтауымыз керек. Мынау қызметтердің сапасын көтеру керек.