«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінді

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінді.

Бас-аяғы 2 мың жоба қаржыландарылды. Бұл туралы «АМАNАТ» партиясының Жамбыл облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Сондай-ақ саяси кеңес қатары жаңарып, жартысынан астамын жастар мен әйелдер құрады. Әулие ата өңірінде 2027 жылға дейінгі партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жол картасы қабылданған. 2021-2022 жылдары өңірдегі алыс аудандарда 64 мобильдік қоғамдық қабылдау өтіп, 891 азаматтың мәселесі қаралды.

Ержан Жылқыбаев, «AMANAT» партиясының хатшысы:
- Халықтың шынайы сенімін ақтаймыз десек, жасандылық пен көзбояушылықтан кететін уақыт. Ең бастысы, елмен бірге өзгерістерге дайын екенімізді дәлелдеуіміз керек. Біздің депутаттар жақсы түсіну керек. Халық сайлады, 5 жылға өттім. Значок қалтада деп жүретін заман емес. Әрі қарай дұрыс жұмыс жасамайтын болса, мандатты кері қайтарып алу функциясы бар екенін естеріңізге саламыз.