Шымкентте бұршақ жауды

Шымкентте бармақ басындай бұршақ жауып, елді әбігерге салды.

Кеше кешкісін қатты жел тұрып, көшедегі ағаштарды құлатты. Бағдаршамдар істен шығып, көлік қозғалысы қиындады. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ. Алайда Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше нөсер жауыннан 5 ауданның 8 көшесін су басты.   Мотопомпалардың көмегімен 367 шекше метр су тазартылды. Ал клиникалық аурухана аумағындағы бір дәмханаға ағаш құлап, автокөліктерге де зақым келді. 

Ағзам Саипов, қалалық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы:
- 5 аудан бойынша бізде 367 метр куб су тартылған. Жалпы бізде 37 адам ТЖД адамдары, кейін 12 техника, 11 мотопомпа сол жұмыстарға тартылды. Ең көп бізде Абай ауданы 5 жерде және Әл – Фараби ауданында 2  жерде, 1 жер Еңбекшіде. Жалпы 367 метр куб су тартылды.